Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда пәтерден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды

  • AstanaTV
  • 20 қыркүйек 2024
  • 112

Алматыда өрт кезінде 30 адам құтқарылды және эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Наурызбай ауданында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде 20 шаршы метр алаңда жиһаз және үй заттары өртеніп кеткен. 

ТЖМ күштері автосатымен және баспалдақпен 14 адам, оның ішінде 5 баланы құтқарды және 16 адамды эвакуациялады.

Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің алдын ала шығу себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

ТЖМ азаматтарды тұрғындардан өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды