Тобыл
өңірінде су тасқыны кезінде мал-құсынан айырылғандарға қайырымдылық қор
есебінен өтемақы берілген. Бұл туралы арнайы комиссия мүшелері айтты. Тасқын
кезінде 400-ге жуық мал, 600-ден астам үй құсы қырылған. Келген шығын аймақ
тұрғындарына түгел төленіпті. Жүзден астам адамға 8 миллион 178 мың теңге
берілген. Қырылған малдың құнын тәуелсіз сарапшылар бекітіп, халыққа нарықтағы
бағасымен қайтарылды, -дейді комиссия мүшелері.
Берікжан
Қайыпбай, Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы:
Халық
қобалжыды. Есепке алынбаған малға өтемақы бере ме, бермей де деп. Малды тығады
ғой кейбіреуі. Әкім енді өзі шешім қабылдады. Бюджеттің ақшасын беріп жатқан
жоқпыз. Қайырымдылық қордың ақшасы арқылы қайырылып жатыр ғой. Сондықтан есепте
болсын, болмасын, қайырамыз деп халыққа, бізге ашық айтты.
Еске
салайық, табиғи апаттан Қарасу аймағы қатты зардап шеккен болатын. Аудандағы 11
елді мекен қызыл судың астында қалды. Тек Қарамырза ауылындағы 180 үйді су
басқан. Бұзылған баспаналарды анықтауға кіріскен комиссияның жұмысы жалғасып
жатыр.
Заңғар САНАЙ