Русский Сайттың толық нұсқасы

Димаш Құдайбергеннің ата-анасы өзіне қандай келін керек екенін айтты

  • AstanaTV
  • 20 қыркүйек 2024
  • 100

Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар ата-әже болуға дайын. Олар әлемге әйгілі ұлының үйге келін әкелгенін күтіп жүр. Бұл туралы өнер иелері "1001 түн" жобасына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды nur.kz.

Света Айтбаева ұлының таңдауы тәрбиелі қызға түскенін қалайды.

"Қазақтар бір-ақ ауыз сөзбен бәрін айтып тастаған. Адал сүт емген бала болса болды дейді ғой. Дәл сондай бала болса деп тілейміз, армандаймыз. Болған сәтте қуанамыз, күтіп жүрміз. Сәті болар деп ойлаймыз", - деді Света Айтбаева.

Осы ретте Қанат Айтаев жұбайынан жақсы ене шығатынын алға тартты.

"Менің ойымша, Света жақсы ене болады. Өйткені ата-енесінің тілін тауып, өмір бойына ата-енемен тұрды. Болашақта өз келініне де жақсы үлгі болады деп ойлаймын. Сондықтан сондай күнге жеткізсе дейміз", - деді ол.