Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай мен Шығыс Қазақстанда облысында "Есіктен есікке" акциясы өтті

Қостанайда «Жастар рухы» Жастар Қанаты белсенділері «Есіктен есікке» акциясын өткізді. Олар тұрғындарға түсіндірме қағаздарын таратып, алдағы референдум науқанында белсенділік танытуға шақырды. Референдум күні мен учаскелерінің орналасқан жері арнайы QR код арқылы көрсетілген. Еріктілердің айтуынша мұндай жұмыстар тұрғын үйлерде, қала көшелері мен саябақтарда да өткізілуде. 

АРУЖАН СӘРСЕНБАЕВА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Науқан кезінде біз әкімдікпен белгіленген жерлерде мысалы ол аялдамаларда арнайы плакаттарды ілетін боламыз. Осы жұмыс кеше басталды. Осы аптаның ішінде барлық аялдамаларды қамтитын боламыз. Оның да мақсаты ақпараттандыру болып табылады. Облысымызда 190 белсенді бар әр ауданда әр ауылда осы түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін белсенділер штабы жұмыс істейді.

Шығыс Қазақстан обылсында «AMANAT» партиясының еріктілері мен студенттер тұрғындарға лифлеттер таратып қанай қоймай түсіндірме жұмыстарын өткізді. Белсенділердің айтуынша, елімізде жаңа жұмыс орындарының ашылуы, жоғары технологиялардың дамуы, электр энергиясының тұрақты әрі қолжетімді тарифтерімен қамтамасыз етілуі халық тарапынан оң бағаланып отыр. 

ҚОРЛАН ТҰҒАМБАЕВА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ШҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Түсініктеме жүргізу барысында адамдар қызығып сұрайды. Жалпы халықтың арасында бұл сұрақ бүгінгі күні өте өзекті және біз барынша халықты осы сұрақтың айналасында жаңағы түсіндірме жүмыстарын жүргізіп, депутаттар бар. Белсенділер бар.