Өзбек жанкүйерлері өз жерінде өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасына қолдау білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Футзалдан Қазақстан құрамасының Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған видеодан өзбек жанкүйерлері "Қазақстан келді" деп ән салғанын көруге болады. Олар Өзбекстан мен Қазақстан туын желбіретіп шеру жасаған. Сондай-ақ қазақ-өзбек жанкүйерлері әйгілі Әндіжан полькасына билеп, көңіл көтерген.
Бұдан бөлек Қазақстан – Ливия ойынында қырғыз, өзбек, түрік жанкүйерлері қазақстандық футзалшыларға қолдау білдірді. Бұл матчта Қазақстан құрамасы 4:1 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын Өзбекстандағы футзалдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты.
Ұлттық құрама топтық кезеңнің үшінші турының қорытындысы бойынша D тобында 4 ұпаймен екінші орынға жайғасты. Осылайша Қазақстан футзалшылары үшінші турдың нәтижесі қандай болса да, 1/8 финалда ойнайды. Рикардо Кака шәкірттерінің топтық кезеңдегі соңғы ойыны ертең, 21 қыркүйекте Жаңа Зеландия құрамасына қарсы өтеді. Бұл матч Астана уақыты бойынша 17:30-да басталады.