Русский Сайттың толық нұсқасы

Орман өртімен күреске 5 мың адам жұмылдырылды

  • AstanaTV
  • 21 қыркүйек 2024
  • 46

Португалияда орман өртімен күрес жалғасып жатыр, деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.

Соңғы мәліметке қарағанда, қызыл жалынды сөндіруге 5 мыңнан астам адам жұмылдырылған. Бұл операцияға Испания мен Мароккодан да өрт сөндірушілер тартылып отыр. Жалпы, өрттен жеті адам қаза тауып, ондаған үй мен мыңдаған гектар орман күлге айналды. 

Жергілікті билік жасыл желектерге от қойды деген күдікпен Авейро, Лерия, Порто, Брага аудандарында 12 адамды тұтқындаған.