Русский Сайттың толық нұсқасы

Шахмат олимпиадасында қазақстандық қыздар Франция құрамасын жеңді

  • AstanaTV
  • 21 қыркүйек 2024
  • 48

Мажарстан астанасы Будапеште шахматтан 45-ші олимпиада жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, әйелдер сайысында қазақстандық қыздар 8-турда турнир кестесінде шамалас тұрған Францияны (2355, № 13) 2,5-1,5 есебімен жеңді. Атап айтқанда, Бибісара Асаубаева мен Алуа Нұрман қарсыласынан басым түссе, Әмина Қайырбекова тең ойнады. Тек Меруерт Камалиденова жеңіліссіз келе жатқан Миллиет Софиеге шамасы жетпеді. Алдағы 9-турда командамыз басты фавориттің бірі Польшамен жолығады.

Әйелдер сайысындағы кесте (169 ел):

1. Польша – 14 ұпай

2. Үндістан – 14 ұпай

3. Қазақстан – 14 ұпай

4. АҚШ – 13 ұпай

5. Армения – 13 ұпай

Ал ерлер арасында біздің шахматшылар Бангладеш құрамасын 3:1 есебімен ұтты. Қазыбек Нөгербек, Әлішер Сүлейменов жеңіске жетсе, Денис Махнев пен Алдияр Аңсат тең түсті.