Русский Сайттың толық нұсқасы

Атыраулық ақсақалдар бата беруден сайысқа түсті

  • AstanaTV
  • 13 сәуір 2017
  • 7154

Ерекше сайыс. Атыраулық ақсақалдар бата беруден жарысқа түсті. Алпысты алқымдаған ұзын саны 18 қария бақ сынады.

Сайысқа облыстық ардагерлер кеңесі бастамашы болған. Ақсақалдар үш кезең бойынша сыннан өтті. Алдымен тарихта есімі қалған тұлғалардың баталарын нақышына келтіріп жатқа айтса, екінші кезеңде ұлттық салт-дәстүрлердің біріне арнап, өз батасын оқыды. Ал соңғы кезең берілген тақырыпқа бес минуттық әзірліктен кейін ойдан бата шығару. Солай бола тұра, батаның мазмұны мен ұйқасын ұмытпай, мақаммен орындау талап етілді. Қариялар бұл сыннан да сүрінбеді.

Ақмырза Батырқайыров, еңбек ардагері:

"Баталы құл  арымас, батасыз құл жарымас" деген, атадан қалған мақал бар. Сондықтан кейінгі ұрпаққа баталы, нақыл сөздерді айтуға біз, ақсақалдар, міндеттіміз. Немеремізге, ұрпағымызға, тіпті көршінің, тіпті көшедегі ұрпаққа біз айтуға міндеттіміз.