Астанада Республика даңғылында патрульдік полиция қызметкерлері көліктердің бірінен мемлекеттік нөмірдің бір санын қағазбен жауып қойған жүргізушіні байқап, тоқтатты. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
Бұл әдісті жүргізуші көлікті анықтауды қиындату үшін жасаған.
Полицейлер бұл жағдайға тез әрекет етіп, ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырды.
Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды. Сот шешімі бойынша жүргізуші бір тәулікке қамауға алынып, бір жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.