Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстау облысында әйелді сабап тастаған ер адам полицейлер мен ақ халаттылардың да үрейін алды

  • AstanaTV
  • 21 қыркүйек 2024
  • 167

Маңғыстау облысының тұрғыны жедел жәрдем мен полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады деген күдікке ілінді. Алдын ала келтірілген дерекке сәйкес, ол әйел адамға қол жұмсап, зардап шегуші сырттан көмек сұрауға мәжбүр болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған оқыс оқиға 20 қыркүйекте Бейнеу ауданында түстен кейін болғанын айтты:

"Билік өкіліне қатысты қатер төндіру немесе зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды. Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол мас болып, заңсыз әрекеттердің жолын кесу кезінде полицейлерге қарсылық танытқан".

Lada.kz басылымының мәліметінше, жедел жәрдем қызметкерлері досы басына әйнек сұғып алғанын айтып, қоңырау шалған 40 жастағы әйелдің жағдайы бойынша шақырту орнына аттанған. Дәрігерлер оқиға орнына жеткенде ер адам жедел жәрдем көлігінің әйнегін сындырып, содан кейін фельдшерлерге де тап берген.

2024 жылы 21 қыркүйекте Алматы биіктен тағы бір оқушы құлады.