Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 20 адам эвакуацияланды

  • AstanaTV
  • 21 қыркүйек 2024
  • 143

Атырауда тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 20 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, Атырау қаласы Нұрсая шағын ауданында тоғыз қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде газ плитасында тамақ қалдыру салдарынан түтін пайда болды.

«Өрт сөндірушілер көрші пәтерлерден 20 адамды, оның ішінде 10 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Оқиға орнында Апаттар медицинасы орталығының шұғыл әрекет ету бригадасының қызметкерлері жұмыс атқарды.