Ал Ресеймен бірлесіп іске асырамыз деген «Бәйтерек» зымыран кешенінің жұмысы болса, мұздай қатырылған. Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков айтты. Біздің жобаны 50 де 50 етіп қаржыландыру талабымыз өтпеген. Орыстар бар күшін өздерінің ғарыш айлағын салуға салып жатқандарын айтыпты.
¤
¤Мейірбек Молдабеков, Индустрия министрлігі аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары:
¤
Бұл мәселе қазір шешімін таппай тұр. Себебі ресей жағы ғарыш бағдарламасы бойынша бар күшін Қиыр Шығысындағы ғарыш айлағын салуға салып жатқандарын, сондықтан 2021 жылға дейін аталған жобаға қатысуға қаржылық мүмкіндіктері жоқ екенін айтып отыр. Яғни олар бірлескен жобаларға 2021 жылдан бастап ғана қатыса алады. Дәл қазір «Бәйтерек» бойынша жұмыстар сол 21-жылға дейін тоқтатылды.
¤
«Бәйтерек» кәсіпорнының қазақстандық
қызметшілері Байқоңырда мердігерлік жұмыстармен айналысып жатқан көрінеді.
Ресейліктердің биылға берген тапсырысының ақшалай көлемі 36 млн рубль...