Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте жас жігітті пойыз қағып кетті

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2024
  • 320

Шымкентте шамамен 30-35 жастағы жігіт пойызда астында қалып мерт болды, деп хабарлайды otyrar.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 21 қыркүйек сағат 22.00-лер шамасында Исмайлов (бұрынғы Громов)-Жангелдин көшелерінің қиылысына жақын маңнан өтетін теміржолда болған.

Жарақаттың ауыр болғаны соншалы ер кісі оқиға орнында көз жұмған.

Ер адамның суицид жасағаны немесе белгіленбеген орында теміржолды кесіп өтпек болғаны әзірге нақты белгісіз. Оны полиция анықтайтын болады.