Қарағанды облысындағы ауылдарға да тасқын қаупі төніп тұр. Соңғы екі тәулікте 800-ден астам тұрғын қауіпсіз жерге шығарылған.
Садовое ауылынан 70 отбасы көшірілген. Самарқан тоғанынан тасыған су жолды да шайып кетті. Клубты паналаған адамдарға жергілікті әкімдік пен қайырымды жандар көмекке келген. Құтқарушылардың дерегінше, Самарқан мен Шерубай-Нұра қоймаларына су жіберу артып тасқын күшейген. Тұрғындар осы маңдағы бірнеше ауылда мұндай жағдай жыл сайын қайталанатынын айтады. Екі жыл бұрын тасқыннан жүздеген үй қирап, орнына жаңа баспаналар салынған.
Құрмет Уәжіпұлы, Садовое ауылының тұрғыны:
1 метр су кірді үйдің ішіне. Дүние-мүлкіміз бәрі кетті. Оған не болғанын білмейміз. Алдын ала сброс тастауға болады ғой. Самарқандтың суын қоя беріп отырса, орын болар еді.
Андрей Ляпунов, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:
Тасқын
қаупі күшті. Біз оған дайын болатынбыз. Дегенмен ауа райы өз дегенін істеді.
Бұл уақытша жағдай, екі күннен кейін су сарқылады.
Ал
Таразда еріген қар суы елді әбігерге салды. Шаһар шетіндегі тұрғындар
баспанамыз үйіндіге айналатын болды деп үрейленіп отыр. Ал жергілікті биліктен жәрдем жоқ, деп
налиды. Аулаға кірген су тіпті жертөлелерге толып қалған. Оның үстіне күні бойы
жауған жаңбыр жығылғанға жұдырық болды.
Дәмеш
Артықбаева, Тараз қаласының тұрғыны:
Ірге тас отырып түсіп жатыр. Ертең үй жарылып құлап жатса, кім жауап береді. Халықтың жағдайы көтермейді.
Мақсат Ахаев, Тараз қаласы әкімінің орынбасары:
Арықтарды жергілікті тұрғындар қоқысын
тастайды, басқасын тастайды, тағы да толтырып тастайды. Біз қазір комиссия
құрып, «Тараз ирригация» басшысымен бірігіп, бәріміз сол жерлерді аралаймыз.
Ары қарай жұмыстарды жүргізетін боламыз.