Қазақстанның Балқаш өңіріне Нидерландыдан екі жолбарыс әкелінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жыртқыштың бұл түрі суық ауа райына да шыдай алатыны айтылды.
"Тұран жолбарыстарының популяциясын қалпына келтіру үшін Голландиядан ұрғашы және еркек жолбарыс әкелінді. Олар Іле-Балқаш қорығына қоныстанды. Бұл қатал ауа-райында өмір сүруге бейімделген амур жолбарыстары”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанға жақында Нидерланды елінен екі амур жолбарысы жеткізілетінін айтқан еді.