Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте жедел жәрдем стансасының бас дәрігеріне қатысты дау толастамай тұр

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2017
  • 2676

Шымкентте жедел жәрдем стансасының бас дәрігеріне қатысты дау толастамай тұр. Бүгін  жаңа деректер шықты. Бұрынғы жүргізуші Алишер Турсынкулов біздің арна тілшілеріне берген сұқбатында елуге тарта адамнан ақша алынғанын өз аузымен тағы қайталап айтты. Жұмыс іздегендерге араағайындық жасағаны үшін бас дәрігерден 20-30 мың теңге көлемінде сыйақы алғанын да жасырмайды.

Алишер Турсынкулов:

Жалпы сомма шамамен 25 млн теңгеге жақындайды. Бала-шағаңа шәй апарасың деп, 20-30 мың теңге өзі қайтарып беретін маған. Шамамен есептегенде, 10 процентке тура келетін шығар деп ойлаймын мен өзім, алғаным менің. Оны мойындаймын.

Алишер Турсынкуловтың ғаламтор арқылы бұрынғы бастығын айыптағанын өткен жаңалықтарымызда айтқанбыз. Қазір мәселенің ақ-қарасын полиция анықтап жатыр.