Русский Сайттың толық нұсқасы

"Кезінде жүрегімді жаулап алған": Балжан Бидаш оралдық тыңдармандарымен қауышты

  • AstanaTV
  • 23 қыркүйек 2024
  • 210

Танымал әнші Балжан Бидаш оралдықтарды қыркүйектің үшінші жексенбісінде тойланатын қала күнімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айта кетейік, эстрада жұлдызы Орал өңірінің тумасы, актер Жахан Отарғалиевпен бас қосып, кейін ажырасып кеткен еді.

“Оралдықтар өз энергиясымен, талғампаз болмысымен, адекватты, білімді, керек кезде тік мінезімен кезінде жүрегімді жаулап алған. Бүгін де келіп, осы жердің тұрғындарына деген өзгеше махаббатымды тағы бір мәрте сезіндім. Рахмет, Орал!”, – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары өнер иесінің Орал қаласының бұрынғы келіні екенін жарыса жазып жатыр.

“Экс-келін” деген болмайды, сондықтан Оралға келін болып қала бересіз”, “Ерекше көңіл-күй сыйладыңыз”, “Жылы лебізіңізге рақмет”, “Балжан үшін бардым”, “12 жыл дегенде қала күніне бардым. Керемет концерт болды”, – деп жазып жатыр көпшілік.