7
мамырда өтетін Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған әскери шеру
егемен еліміздің тарихындағы ең ауқымдысы болады. Бұл туралы Орталық
коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Талғат Жанжүменов
айтты. Қорғаныс вице-министрінің дерегінше, шеруге 5 000-нан астам сарбаз бен
300-ге тарта әскери және 80 бірлік авиациялық техника тартылады. Бір айта
кетерлігі, алаңнан өтетін әскерилер қарамағындағы қорғаныс құралдарының 50
пайыздан астамы отандық өнім.