Русский Сайттың толық нұсқасы

Талдықорғанда 6 жасар қызға шабуыл жасаған ер адам іздестіріліп жатыр

  • AstanaTV
  • 23 қыркүйек 2024
  • 146

Полиция күдіктіні іздестіріп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 22 қыркүйекте болған. Подъезде қыз баланың шалбарын шешкелі жатқан жерінде пәтерлерінен шыққан көршілер көріп қалған. Ер адам баланы тастап, қашып кеткен.

Полиция балаға шабуыл жасалғанын растады.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіні іздеуге жеке құрам түгел жұмылдырылды. Тыныштық сақтауды, балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Іс полиция департаментінің бақылауында», - деп хабарлады Жетісу облысының Полиция департаменті.