Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында ірі жол апаты болып, үш адам қаза тапты

Алматы облысында Еңбекшіқазақ ауданында ірі жол апаты болды. Үш адам қаза тапты. Zeekr электромобилінің жүргізушісі Талғар-Есік тасжолында қарсы жолаққа шығып, ереже бұзған. Артынша Daewoo Matiz тұлпарымен соқтығысқан. Салдарынан, корейлік көлікте отырған екі жолаушы сол жерде көз жұмған. Ал, жүргізушісі есін жимастан, ауруханаға жедел жеткізіліпті. Бірақ жан сақтау бөлімінде ол да қайтыс болды. 

ЕРНАР САЙДІЛДИН, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Жол апаты фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Zeekr көлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.