Русский Сайттың толық нұсқасы

Есірткі таратқан қостанайлық студент 11 жылға сотталды

Қостанайда есірткі таратумен айналысқан дене шынықтыру факультетінің студенті сотталды. Оның жанында тағы бір адам бар. Полиция олардың жалдамалы пәтерін тінту кезінде 4 келіден астам синтетикалық есірткі тәркілеген. Сонымен қатар, электронды таразылар, мини-магниттер, электр таспасы, есірткіні орауға арналған басқа да құрылғылар табылды. Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны шамамен -100 миллион теңге. Сот үкімімен жас жігіттерге 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді. 

АЙГҮЛ ЕРӘДІЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

Жылдың басынан бері полиция қызметкерлерімен 63 келіден астам әртүрлі есірткі заттары тәркіленді.Соңғы үш жылдың ішінде жас студенттер мен жасөспірімдер арасында осы есірткі заттарын тарату фактілері өте көп тіркеліп отыр өкінішке қарай.