Русский Сайттың толық нұсқасы

АЭС - еліміздің энергетикалық тәуелсіздігінің негізі

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері Тобыл өңірінде кездесулер өткізді. Республикалық штаб мүшелері Альберт РАУ мен Еркін Әбіл әуелі Рудныйдағы студент-жастармен кездесті. Кеншілер шаһарының зиялы қауымы, қоғам белсенділерімен де жиын өтті. Қауіпсіздік, экология және экономика мәселелері кеңінен талқыға түсті. Рудный қалалық емхана қызметкерлері де штаб мүшелерімен дидарласып, келелі сауалдар қойып, салмақты жауап алды. Альберт РАУ мен Еркін Әбіл өндірістік алаңға ат басын бұрып, энергетика саласының мамандарымен пікірлесті. 

ЕРКІН ӘБІЛ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Балаларымыз, немереміздің болашағына байланысты мәселе бізде бірінші рет референдумға шығарылып отыр.Сондықтан осындай тарихи кезеңде әрбір азамат келіп даусын беру керек.