Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда 50-ге жуық ерікті саябақты қоқыстан тазартты

Алматылық студенттер «Таза Қазақстан» экологиялық науқанының аясында мегаполистегі саябақты қоқыстан тазартты. 50-ге жуық ерікті керексіз қалдықтарды, қурап жерге түскен жапырақтарды жинастырды. Жастар шашылған шөлмек бөтелкелерін арнайы сұрыптап, қураған өсімдіктерді суарды. Еріктілер әр бейсенбі сайын тарихи-мәдени орындарды бекітіп, сол маңды тазалауды әдетке айналдырған. «Таза Қазақстан акциясы экологиялық жағдайды жақсартуда маңызды рөл атқарады» - дейді қоғам белсенділері. 

АЙДАР КҮНТУБАЙ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ, МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ДІН ЖӘНЕ ЖАСТАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС МҮШЕСІ:

Мына біздің мәдени орындарымызда көптеген вандализмге қарсылықты таныту мақсатында көптеген тазалау жұмыстарын жүргізіп жатады. Біздің ескерткіштерге жазуларын жазып кеткен сондай адамдарды да көріп жатамыз. Сондай мақсаттағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тазалық жұмыстарын жүргізеді.