Бүгінде қаланы қардан тазалау жұмыстары жүргізіліп, жолда қалған жолаушыларға ас-ауқат пен жамылғылар жеткізілуде. Бұл туралы NEWS.ru ақпараттық агенттігі мәлімдеді.
Оңтүстік Африкада жауған қар қалыңдығы – 2 метр.
Трассадағы жол қозғалысы шектеліп, жүздеген жүргізуші автокөліктерінен тастай алмай, жолда қалды. Белгілі болғандай, кем дегенде бір адам үсік шалып, көз жұмды.
Десе де, мұндай мөлшердегі қарды сирек көретін африкалықтар мәз-мейрам.
Тұрғындар қардан аққала жасап, шаңғы теуіп әлек.
Синоптиктердің мәліметіне сенсек, жақын күндері Африка республикасында әлі де қар жауады.
Желіде омбы қардың үстінде серуендеп жүрген арыстандардың видеосы таралды. Жыртқыш аңдар мұз боп қатқан суаттан шөл қандырып, ауа райының күрт өзгергеніне назар аудармайтындай кейіп танытады.
Жергілікті билік өкілдері Йоханнесбургті шығыс жағалаудағы Дурбан қаласымен байланыстыратын N3 басты автомагистралінде жол қозғалысы тұралап қалғанын айтады. Жолда 30 километрге созылған үлкен кептеліс пайда болыпты. Оқиға орнына құтқарушылар жөнелтілді. Қалың қар салдарымен күресуге әскери адамдар жұмылдырылмақ.