Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейде бір күнде 40-тан астам орман өрті сөндірілді

  • AstanaTV
  • 23 қыркүйек 2024
  • 92

Ресейде орман өрті өршіп тұр, - деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.

Бір күнде 40-тан астам өрт сөндірілді. Тілсіз жау 36 мыңға жуық гектар аумақты шарпыған. 20 өңірде қызыл жалын әлі дес бермей тұр. Орман өрті былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 60 пайызға жоғары. 

Өрттің шарпуына себеп болған, қауіпсіздік талаптарын сақтамағандарға жаза күшейген. 500 мың рубльге дейін айыппұл төлеп, төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылады.