Русский Сайттың толық нұсқасы

Telegram-дағы жеке деректер құқық қорғау органдарына беріледі

  • AstanaTV
  • 24 қыркүйек 2024
  • 64

Telegram мессенджері әлемдегі ең танымал платформалардың бірі болып саналады. Оның іздеу жүйесі қолданушыларға тек достар табуға ғана емес, сонымен қатар әртүрлі жаңалықтар арналарын, қауымдастықтарды және боттарды табуға мүмкіндік береді. Алайда, Telegram іздеу мүмкіндігін кейбір заңсыз әрекеттер үшін пайдаланғандар да болды. Осыған байланысты Telegram негізін қалаушы Павел Дуров жақында арнайы хабарлама жариялап, қауіпсіздік шараларының айтарлықтай күшейтілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Telegram-ның іздеу жүйесі басқа мессенджерлермен салыстырғанда ауқымдырақ, себебі ол қолданушыларға ашық арналар мен боттарды табуға мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндікті кейбір адамдар заңсыз тауарлар мен қызметтерді жарнамалау үшін пайдаланған. Соңғы аптада арнайы модераторлар командасы жасанды интеллекттің көмегімен Telegram Іздеу жүйесін әлдеқайда қауіпсіз етті», - деп жазды Дуров әлеуметтік желідегі парақшасында.

Telegram бұзушылықтарды азайту үшін Қызмет көрсету шарттары мен Құпиялылық саясатын жаңартты. Енді бұл ережелер әлемнің барлық аймақтарында бірдей қолданылады. Павел Дуровтың айтуынша, платформа заңсыз әрекеттермен айналысатындардың IP мекенжайлары мен телефон нөмірлерін тиісті құқық қорғау органдарына заңды сұрау салулар арқылы беруі мүмкін. Бұл шаралар Telegram-ның мессенджер ретінде сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.