Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда жедел жәрдем қызметінің көлігін ұрлап кеткен ер адам ұсталды

  • AstanaTV
  • 24 қыркүйек 2024
  • 247

19 қыркүйек күні түнде Қостанай қаласындағы полиция бөлімшесіне тұрғын үй ауласынан медициналық қызметкерлердің көлігі ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бейнебақылау камераларының көмегімен көлік ұрлаған 39 жастағы жергілікті тұрғын қала орталығында ұсталды. Тексеру барысында күдікті жеке медициналық клиника қызметкерлерінің көлігін заңсыз иемденгені анықталды. Олар бұл көлікпен науқасқа көмек көрсетуге келген.

«Күдіктіні ұстау кезінде оның алкоголь иісі шығып тұрғаны байқалды, бірақ ол медициналық тексеруден өтуден бас тартты. Полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамағаны үшін сот оған 15 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындап, сегіз жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта көлік ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл қылмыс үшін ең жоғарғы жаза — екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.