Жамбыл облысында ведомствоаралық "Бекет-2024" оқу-жаттығуы басталды. Жиынға Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелері және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысуда. Қазір запастағы офицерлер мен сержанттар атыс дайындығын бастап кетті. Сонымен қатар олар дағдарыс жағдайы туындаған кезде қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылдың түрлі тәсілдерін үйреніп, тәжірибе алмасуда.
АСҚАР ЖОЛАМАНОВ, ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ БАС ШТАБЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ - АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:
Бекет жаттығуы Жамбыл облысының мемлекеттік органдарының және аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің жұмылдыру дайындығының жай-күйін тексеруге арналған ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етуге және түрлі ведомстволық күштердің өзара іс-қимыл элементтерін пысықтауға бағытталған.