Ақтөбеде жол апатынан бір отбасынан бес адам қаза тапты. Жантүршігерлік жол апаты 26 тамызда болған. Қобданың Әлия ауылы маңында «Volkswagen Polo» автокөлігі мен қарама-қарсы бағытта келе жатқан «Мерседес» жүк көлігі соқтығысқан. Салдарынан жүргізушінің ата-анасы және туған ағасының үш баласы көз жұмған. Қылмыстық іс бойынша сотталушы да, жәбірленуші де -туған бауырлар. Көлікті тізгіндеген 28 жастағы сотталушы бұрын Хромтау аудандық полиция бөлімінде қызмет істеген. Қазір бұл іске қатысты сот отырысы өтіп жатыр.
ӘЛИЯ ТІЛЕУОВА, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:
Қылмыстық Кодекстің 345 бабының 4 бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасаған, яғни «Көлік құралын басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққа іс-әрекет» жасағаны үшін айыпталған.
Ақтөбеде тағы бір жол апатына қатысты сот болып жатыр. Ол оқиға Ақтөбе- Орск тас жолында болған. Ресей елінің шекарасына 30 шақырым жер қалғанда «Тоуота Альфард» көлігі аударылып, төрт жолаушы қаза тапты. Көлік тізгіндеген такси жүргізушісі қамауға алынған.
ГУЛЗИРА КӨШЕРБАЕВА, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:
Согласно заключению судебной экспертизы...Жол –көлік оқиғасын зерттеген сот сараптамасының қорытыңдысына сәйкес «Тоуота Альфард» көлігі жылдамдығы сағатына 88 км құраған. Сол арқылы жүргізушісі ҚР ҚК 345 бабы 4 бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған.