Русский Сайттың толық нұсқасы

Н.Назарбаев Б.Сағынтаев пен М.Құл-Мұхаммедті қабылдады

  • AstanaTV
  • 17 сәуір 2017
  • 2611

Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақалада белгіленген  міндеттреді сапалы орындауды Премьер-министрге тапсырды. Бұл үрдіске жұртшылықты, соның ішінде зиялы қауым, жастарды тарту қажеттігін айтты.

Бүгін Президент Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі  хабаралайды. Назарбаев "мұндай мақала көп жылдан бері ойда жүргенін" айтты. Қазір оны іске асыру жөнінде іс жоспар әзірленіп жатыр. Қаражат кететін жобалар бар. Алайда олардың көбі республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлуді қажет етпейді, деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Күн сайын маған еліміздің әр өңірінідегі жұртшылық өкілдерінен мақаладағы ұсынылған шешімдерге қолдау білдірген көптеген жеделхатар келіп жатыр. Олардың қатарында түрлі шығармашылық ұжымдар бар. Зиялы қауым өкілдері және жастар да бар.

Сондай-ақ, бүгін Президент "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірініші орынбасарын қабылады. Мұхтар Құл-Мұхаммедтің мәліметі бойынша, 2015 жылмен салыстырғанда партия құрылымдарына арыз-шағыммен жүгінген азаматтар саны 30%-ға артқан. 2016 жылы 283 мыңнан астам өтініш келіп түскен, қазір оның 92%-ы оң шешімін тапты.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Біріншіден, партия халыққа өңірге жақындай түсті, еліміздің барлық өңірлерін аралап шықтық. Сіздің барлық бастамаларыңыз бойынша халықпен кездесулер өткізіп, жыл бойына кабинеттен шығып, халықтың ортасына, өмірдің жуан ортасына келіп жұмыс атқарып жатырмыз.