Ақмола облысында тас жолда жүк көлігінің кабинасы отқа оранды

  • AstanaTV
  • 24 қыркүйек 2024
  • 449
Ақмола облысында тас жолда жүк көлігінің кабинасы отқа оранды

Степногорск қаласы маңындағы Бестөбе ауылында жүк көлігінің кабинасы отқа оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызыл жалын 2 шаршы метр ауданды қамтыды.

"Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында оттың таралуына жол берілмеді. Өрт жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оттың шығу себебі анықталуда. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз", делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.