Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысында есепте тұрған екі мыңға жуық науқасқа тиісті тегін дәрілердің берілмегені анықталды

  • AstanaTV
  • 24 қыркүйек 2024
  • 401

Қостанай облысының прокуратурасы Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша өңірдің медициналық ұйымдарының қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Халықты тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етпеу бойынша бұзушылықтар анықталды.

Мысалы, Рудный қаласында осы жылы әртүрлі аурулармен диспансерлік есепте тұрған 1950 азамат қажетті дәрілік заттармен толық көлемде қамтамасыз етпеді.

«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша медициналық ұйымдардың 47 қызметкері жазаланды, дәрілік заттар сатып алынды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде облыс бойынша көзделген препараттардың барлық спектрін 4 657 азамат алды», - делінген Бас прокуратураның баспасөз хабарламасында.