Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысының үш ауданында төтенше жағдай жарияланды

  • AstanaTV
  • 17 сәуір 2017
  • 3977

Қарағанды облысының 3 ауданыда да төтенше жағдай жарияланды. Аймақтағы Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, Бұқар жырау, Қарқаралы және Абай аудандарында 100-ге тарта үй мен 2 жүзден астам аула су астында қалып отыр. Самарқан су қоймасынан су ағызу басталғалы бұл елді мекендерден 1 жарым мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Ал Теміртау қаласының жартысынан астамы ауыз сусыз қалды. Жұма күні Сарамқаннан секундына 1200 куб су жіберілісімен, Теміртаудағы Сергиополь және Нұра су тоғандарының трансформатор бекеті тасқынның астында қалған. Салдарынан ауыз сумен қамту дереу тоқтатылды. Қаланың батысында 4 мың жеке тұрғын үй мен 2 жүзден астам көпқабатты үй 3 күнен бері ауыз сусыз. Ал шаһардың шығысы мен орталығы Ертіс-Қарағанды каналынан жартылай ғана су алып отыр.

Каролина Комиссарова, Теміртау қаласының тұрғыны:

Үш күннен бері су жоқ. Су бекетін су алып кеткен деп естідік. Ауыз суды тасып әкеліп беріп жатыр. Бірақ ол аз, кір жууға да жетпейді.

Ауыз су тоғандарындағы су дейгейі қалыпты мөлшерден екі есе артып, әбден ластанған. Қазіргі таңда ұңғымалардан су сорғызылып жатыр.Теміртау қаласының басшылығының мәліметінше, оны тазартуға әлі бірнеше күн керек.

Ғалым Әшімов, Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімі:

Ең бастысы, Самарқан су қоймасындағы судың деңгейі төмендеуі тиіс. Сол кезде ұңғымалардан суды сорғызамыз. Хлорлап, зарарсыздандырып санитарлық- эпидемиологиялық сараптама жасатып, содан кейін ғана апта соңына қарай қосамыз.