Русский Сайттың толық нұсқасы

«Барыс» жетінші рет жеңілді

  • AstanaTV
  • 25 қыркүйек 2024
  • 87

ҚХЛ чемпионатының кезекті турында Астананың «Барысы» өз айдынында Мәскеудің «Динамосын» қабылдап, 1:3 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ойынның алғашқы голын алтыншы минутта қонақтар сапынан Никита Гусев соқты.

27-минутта Уил Джордан есепті еселеді. Араға екі минут салып Әлихан Өмірбеков есепті қысқартқанымен, жағдайын түзетуге елордалықтардың шамасы жетпеді.

Есесіне «Динамо» сапынан Никита Гусев дубль авторы атанып, матч нүктесін қойды.

Осылайша, «Барыс» ҚХЛ чемпионатында өткізген 8 ойынның жетеуінде жеңілді. Астаналықтар турнир кестесінің соңғы орнында. Келесі ойынын олар 26 қыркүйекте «Сочиге» қарсы өткізеді.

Еске салайық, 24 қыркүйекте «Барыс» бас бапкерсіз қалды.