Қазір Марат
Ерназарұлы жүргізетін «Өзге пікір» айдары.
Ассалаумағалейкүм! Макдональдс
бүкіл әлемге қазақты мазақ қылды. астанада ашылған мйерамханаға кезекке тұрған
халықтың көптігін шетелдіктер де келеке етті...
Елордада әлемдік бренд Макдональдстың желісі ашылып «қарық болып» қалдық. Күлкіге де айналдық. Ішіне котлет салынған бөлкені жеуге асыққандар ұзын-сонар кезекке тұрып, ентелеп, аштықтан келгендей әсер қалдырды. Балаларды қойшы, ересектердің өзі таласты шетелдің фаст-фудына. Айтпақшы, ашылуына Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков те барды... Котлет пен қуырылған картопқа қызыққандар туралы «New-York Post» мақала жариялап, кезекке таласқан қазақтарға миығынан күлген. Ал мақала астына пікір жазғандардың бізге жаны ашыған. «New-York Post»-тың әлемге жариялаған видеосын көрсеңіз, сіздің де жаныңыз ашитын шығар.
Әлеуметтік желілер де макдональдстың картобын әбден «қуырды». Ұятқа қалғанымызды айтып, бетін басқандар көп болды.
Кеңес Дабыл:
Дым көрмеген десе... рас дым көрмегендігіміз ғой, ашпыз ба, не бәле мынау, ай, қазағым ай...
Айтолқын Адырбай:
Қазақ әлі де салауатты тамақтануды үйрене алмай келеді ғой. Газдалған сусындар, бутербродтар, гамбургерлерге қызығып, қазір жаппай соны жейді балалар.
Kaken Kamzin:
Қазекең мұндайда: "Көрмегенге көсеу де таң", - дейді.
Мұндай ресторандарды ашқанша Астанада аялдамалар мен жүргінші жүретін жолдарды жөндесін... Астанада тіпті қоғамдық туалет таппайсың. Ал инфрақұрылымның нашарлығынан арбаға таңылған мүгедектер Астанада бір жерге бара да алмайды.
Тақырып: Менталитет «Жекпе-жегі»
Соңғы күндері әлеуметтік желілердің қазақстандық қолданушылары қазақ ұлтынан шыққан екі спортшының сайысы туралы видеоны бір-бірімен бөлісіп, қызу талқыласып жатыр.Ережесіз жекпе-жектен Қытайда өткен халықаралық жарыс финалында қазақстандық спортшы Айбек Нұрсейіт Қытайда тұрып жатқан этникалық қазақ Ғабит Тұрғанбекке қол көтере алмағанын айтты. Жұдырықтаспай, шаршы алаңда 5 минут бойы жүріп алған қазақ спортшыларына төреші қызыл қағаз көрсетіп, нәтижелерін есептемей тастады. Айбек Нұрсейіттің сөзін тыңдап көрсек.
Графика: Айбек Нұрсейіт – Ережесіз жекпе-жек спортшысы
«Рингке шыққанда Ғабиттің мені ұруға қолын көтере алмай тұрғанын бірден сездім. Мен де шабуылдамадым. Екі қазақтың қытайлық көрермендер алдында бір-бірінің мұрнын бұзып, көзін шығарғаны жарамас деп ойладым. Қанша ақша төлесе де, біз қазақ екенімізді көрсеткіміз келді. Жекпе-жектен соң Ғабитпен банкетте кездесіп, бір-біріміздің қолымызды қыстық».
Айтпақшы, ақтық сыннан жеңіп шыққан спортшыны ірі сомадағы ақша мен чемпиондық титул күтіп тұрған. Бір-бірін бауырым деп таныған қос қазақ бұл мараптаттардан құр қалды.
Әрсен:
Бауырлар, үлгі алайық! Көшеде, көлікте, оқуда қазақтардың бір-біріне жасап жүрген зұлымдықтары тоқтасын! Басымыз қосылып, бауырмал болайық. Алла разы болсын!
Керремеет, барлық қазақ бірін-бірі осылай сыйласа ғой, шіркін!!!
Алаш_баласы:
Абай атамыз айтқандай "Біріңді - қазақ, бірің - дос, Көрмесең, істің бәрі - бос", - демекші, әлемдегі барша қазақ осындай болса, қандай жақсы болып кетер еді?! Қай салада, қай қалада болсақ та, бір-бірімізді қолдап жүрейік, ағайын!
Студияда жүргізуші: Олардың мұндай әрекеті спортқа жат қылық - деп жатқандар да бар.
Мысалы, «Несіне мəз боласыз, ағайын?
Бұны
орысша:"Неспортивное поведение" дейді. Спортқа жат əрекет. Ал
психологиялық тұрғыдан - бұл балалық... Екіншіден, осындай əрекеттер өз
мемлекеті жоқ, саны аз, əрі шашыранқы ұлтқа жарасады. Ресейлік Кавказ
ұлттарына, мысалы вайнах(шешен) ұлтына. Өз мемлекеті жоқ, саны аз. Ал қазақ ше?
Аллаға шүкір, Тəуелсіз, Егемен Еліміз бар!.. Ал біз үнемі:"Аз ұлтпыз,
бізді барлығы қорлайды, сондықтан бір-бірімізге бауырмалдылық танытуымыз
керек", - деп жылап жүреміз. Бауырмалдық жақсы, əрине...Бірақ, құлдық
санадан, аз ұлттың санасынан құтылуымыз керек!
Бізге пікір алуандығы керек. Пікір білдіруден
шаршамаңыз! Өзге пікірге сіздің пікіріңіз керек!