Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қасақана өртеген": Атырауда тұрғын үйден әйелдің мәйіті табылды

  • AstanaTV
  • 25 қыркүйек 2024
  • 285

Атырауда қасақана өртелген пәтерден 70 жастағы әйелдің мүрдесі табылды. Марқұмның 20 жастағы ұлы күйікпен ауруханаға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, өрт бүгін, 25 қыркүйекте болған.

"Түнгі сағат 03:03-те Атырау қаласының Алмагүл шағын ауданындағы 6 қабатты тұрғын үйдің 1 қабатындағы пәтердің өртенгені туралы шақырту түсті. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері автосатымен және баспалдақ арқылы 13 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады. Ал, 54 адам, оның ішінде 30 бала өздері қауіпсіз аумаққа шықты", - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Пәтердегі өрт сағат 03:44-те толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінен 17 құтқарушы, апаттық медицина орталығынан 3 қызмеркер, 5 техника тартылған.

"Оқиға орнында 1954 жылы туған әйел адамның денесі табылды. Марқұмның 1994 жылғы ұлы күйік алып, ауруханаға жатқызылды. Өрттің алдын ала себебі – қасақана өртеу", - деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.