Жұбайының келісімін талап етпейтін несие мөлшері ұлғаюы мүмкін. Бірақ, бұл жеке кәсіпкерлерге ғана қатысты.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тиісті қаулыны Ашық порталына жариялады. Онда жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеніне 6 айдан аспағандарға жұбайының рұқсатынсыз 10 млн теңгеге дейін несие ала алатыны жазылған.
Ал бизнеспен айналысып жүргеніне жарты жылдан асқан, төлемі қабілеті жоғары азаматтарға қарыз 99 млн теңгеге дейін беріледі.
Құжат 4 қазанға дейін қоғам талқысына салынады,- деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.