Русский Сайттың толық нұсқасы

Солтүстік Қазақстан облысында антибиотик ектірген жігіттің жүрегі 20 минутқа тоқтап қалған

  • AstanaTV
  • 25 қыркүйек 2024
  • 309

Солтүстік Қазақстан облысында жедел жәрдем дәрігерлері антибиотик егілген ер адамды аман алып қалды. Анафилактикалық шок салдарынан ер адамның жүрегі 20 минутқа тоқтап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Солтүстік Қазақстан облысының жедел медициналық жәрдем орталығының хабарлауынша, 19 қыркүйекте оларға қоңырау түскен – облыс орталығының тұрғыны цефазолин инъекциясынан кейін ауырып қалған. Оқиға орнына Жұлдызбек Серіков пен жүргізуші-фельдшер Рустам Қожахметовтен тұратын жедел жәрдем бригадасы шықты.

Жедел жәрдем қызметкерлері науқасты көлікке әкеледі. Қарау кезінде жағдайы тұрақсыз гемодинамикаға байланысты ауыр болған. Автокөлікте көмек көрсету кезінде мониторда асистоламен қан айналымының тоқтауы байқалды.

"Медициналық қызметкерлер дереу ACLS стандарттарына сәйкес кеңейтілген реанимациялық шараларды бастады. Жанама жүрек массажы жасалды, ларингеалдық маска арқылы аппараттық жасанды желдету, адреналин инъекциялары, физиологиялық ерітінді инфузиясы жүргізілді. 20 минуттан кейін реанимациялық әрекеттердің нәтижесінде қан айналымы қалпына келді. Постреанимациялық шаралар жасалды. Вазопрессорлық қолдаумен және ИВЛ аппаратында жатқан науқас көппрофильді қалалық аурухананың реанимациялық бөліміне жатқызылды", – деп атап өтті орталықта.

Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, ол стационарда бақылауда.