Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда екі оқушы төбелесіп, бірі екіншісінің мұрнын бұзған

Павлодарда екі оқушы төбелесіп, бірі екіншісінің мұрнын бұзған. Оқиға қаладағы Шапық Шөкин атындағы мектеп-гимназиясында болды. Дене шынықтыру сабағынан кейін екі бала өзара жанжалдасып, арты төбелеске ұласқан. Нәтижесінде оқушылардың бірі дене жарақатын алды. Шаһардың білім беру бөлімінің мәліметінше, мектеп мұғалімдері оқушыларға шұғыл көмек көрсетіп, екі баланың да ата-анасын шақырған. Жарақат алған бала дәрігер көмегіне жүгінді. Сабақта бақылауды әлсіреткені үшін дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне тәртіптік жаза қолданылған. Бұзықтық жасаған оқушы мектепішілік бақылауға алынды. Ал ата-анасы әкімшілік жауапгершілікке тартылды.