Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеге Өзбекстаннан әкелінген 2,5 тонна шабдалы жемісінен құрт шықты

Өзбекстаннан әкелінген шабдалыдан құрт шықты. Мұны Ақтөбе кедендік бақылау бекетіндегі тексеріс кезінде облыстық инспекция мамандары анықтады. Жеміс тәркіленді. Қалалық карантиндік зертханаға жіберілген. Сараптама зиянкестің бар екенін растаған. Құрт түскен жемісті тасымалдаған кәсіпкерге 110 мың теңгеден астам айыппұл салынды. 

АЙНҰР КЕМЕРОВ, ҚР АШМ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Тексеру барысында карантиндік нысан шығыстың жеміс жемірі анықталды. Сол себепті материалдар жинақталып, Ақтөбе қалалық әкімшілік сотына жолданып, сол сот шемімімен 2,5 тонна карантиндік нысан анықталған шабдалы өнімі тәркіленіп алынып, көму арқылы жойылды.