Русский Сайттың толық нұсқасы

Балқашта жылу трассасын жөндеу кезінде үш адамның сүйегі табылды

Балқашта жылу трассасын жөндеу кезінде үш адамның сүйегі табылды. Марқұмдардың қаңқасын магистральдық желілерді жөндеп жүрген жұмысшылар байқап, полицияға хабарлаған. Жұмысшылар қайтыс болған үш бірдей адамның қалдықтарын көріп шошып кеткен. Мәйіттер құбырларға салыныпты. Оқиға орнына дереу жедел топ барған. Сарапшылардың айтуынша, адамдардың денесі жер астында бірнеше жыл бойы жатқандықтан тек қаңқасы қалған. Сүйектер сот-медициналық сараптамаға жіберілді, қылмыстық іс қозғалды. 

БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Балқаш қаласында Сәлімжанов пен Қалмақов көшелерінің қиылысында “Бизнес Строй” ЖШС қызметкерлері магистральдық құбырларды ауыстыру кезінде адам сүйектерін тапты. Аталған дерек полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады.