Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мемлекеттік қорғауға алынды. Премьер-Министр Олжас Бектенов бүгін тиісті қаулыға қол қойды. Құжатта «Әзірет Сұлтан» мұражай-қорығы қауіпсіздігін енді ішкі істер органдарының тиісті бөлімшелері қамтамасыз ететіні жазылған. Айта кетейік, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген алғашқы қазақстандық нысан және ортағасырлық сәулет өнерінің бірегей ескерткіші саналады.