Русский Сайттың толық нұсқасы

"Еліміздегі электр станцияларының көбі 90% тозған", - маман

Еліміздегі электр станцияларының көбі 90 пайызға тозған. Бұл туралы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешов халықтық штабта өткен жиында айтты. Жылу электр станцияларынан шығатын улы, парникті газдар жаһандық жылынуға әкеп соғады. Ал бұл мәселе қазір бүкіл әлемді толғандырып отыр. Өзекті проблема біздің елді де айналып өтпейді дейді ол. 

НҰРЛАН ӨТЕШОВ, ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі кезде бүкіл әлем экономикасы «жасыл» энергияға көшіп жатыр. Оның ішінде АЭС-тің еңбек адамының жағдайын жақсартуда беретін мүмкіндіктері көп. Станция салынса, оның аясында жұмыс істейтін 10 мың адамның өміріне ғана емес, сонымен қатар дөнер сатушысы, шаштараз сияқты түрлі кәсіп иелеріне де оң әсері болады.