Русский Сайттың толық нұсқасы

Жедел көмек желіде: ДСМ ресми өкілі түсініктеме берді

  • AstanaTV
  • 26 қыркүйек 2024
  • 266

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Айгерім Уразалиева жедел медициналық көмек көрсету ережелеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қайта түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін бірқатар БАҚ-та жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасының мазмұнын қате түсіндіру жарияланды.

Осыған байланысты біз түсіндіреміз: бұрынғыдай, 103 нөміріне қоңырау шалу арқылы барлық пациенттер шақырту санатына қарамастан толық көлемде медициналық көмек алады, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Айгерім Уразалиева.

Өкіл, сонымен қатар, жеделдікті жақсарту үшін жұмыс уақытында шұғылдықтың IV санатындағы шақыртуларға қызмет көрсетуге медициналық-санитариялық алғашқы көмектің мобилдік бригадалары тартылатындығын айтты.

Кешкі және түнгі уақытта, сондай-ақ демалыс күндері барлық санаттағы шақыртуларға жедел көмек бригадалары қызмет көрсететін болады.

Осылайша, азаматтар үшін ештеңе өзгермейді, бірде-бір шақырту назардан тыс қалмайды және пациенттерге қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасы одан әрі жақсарады, - деді Айгерім Уразалиева.