Астанада тұратын әйел «Отбасы банк»-тің аукционына қатысып, бастапқы жарнасыз үй алып беремін деген сылтаумен 22 адамнан 55 млн теңге алдап алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, ол өзін банк қызметкерімін деп таныстырады екен. Осылайша, банктің аукциондарына қатыстырып, бастапқы жарнасыз ипотека рәсімдеп беремін деген әйел аукционға қатысу үшін 630 мың теңге, ал, ипотека рәсімдеу үшін арнайы ашылған шотына 11 млн теңгеден алып отырған.
«Ол танысының өзін сан соқтырып, 14 млн теңгесін алған. Оның қылмысынан бас-аяғы 22 адам зардап шегіп, 55 млн теңгелерінен айырылған», - деп хабарлайды Астана соты.