Русский Сайттың толық нұсқасы

"Әкем өмірден өткен күні ересек адамға айналдым": Ләйлә Сұлтанқызының ұлдары алғаш рет әкелері туралы айтты

  • AstanaTV
  • 26 қыркүйек 2024
  • 270

Белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызының үлкен ұлы Сағадат марқұм әкесін есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

БАҚ өкілі отбасымен бірге “Жақсы адамдарым” бағдарламасында қонақ болды.

“Әкем, асқар тауым өте жақсы адам болды. Әкеміз өмірден қайтқанда жасым 15-те болды, Сардардың жасы 13-те болды. Әлі бала едік, әкем өмірден өткен күні ересек адам болдық. Себебі қасымызда анамыз бар, біз оның қос қанатымыз, оған қамқор болуымыз керек. Сондықтан есеюге тура келді", – деді журналистің тұңғышы.

Одан кейін Сағадат кейінгі кезде әкесінің түсіне жиі кіріп жүргенін айтты. Әкесінің мінезі қатал болғанын да жасырмады.

"Әкем түсіме өте көп кіреді. Сардарға, анама қатты кірмейді. Соңғы екі аптада 4-5 рет кірді. Үнемі күліп, жымиып жүреді. Әкем ақша туралы көп ақыл айтатын. "Ақшаны көп жаратпа, жинап жүр" дейтін. Өзі ақшаны бізден аямайтын. Бірнәрсе сұрасақ, анамыз "жоқ" десе де, әкеміз "иә" дейді. Екеумізге де қатал болды, бірақ бізге деген мейірімділігі, махаббаты байқалып тұратын", – деді ол.