Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда несие алушылар азайды

  • AstanaTV
  • 26 қыркүйек 2024
  • 279

Елімізде несие алушылар азайған, деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.

Бірінші кредиттік бюроның хабарлауынша тамыз айында ел азаматтары 1 триллион 400 миллиард теңгеге үш жарым миллионнан астам несие рәсімдеген. Бұл шілде айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 10 процентке төмен. Тіпті өткен жылдың сәуір айынан бері ең төменгі көрсеткіш.

Ал қазір жеке азаматтардың банк алдындағы берешегі 22 триллион 300 миллиард теңгеден асады. 8 миллион 900 мың азаматтың несиесі бар.