Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда ұлы 70 жастағы анасын өртеп жіберген

  • AstanaTV
  • 26 қыркүйек 2024
  • 134

30 жастағы жігіт ішімдік ішіп, анасымен жанжалдасқаннан кейін анасының үйін өртеп жіберген. Үй ішінен 70 жастағы әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Марқұмның мәйітін өрт сөндірушілер тапқан.

Жігіттің аяқ-қолы күйіп, ауруханаға жатқызылған. Оған «адам өлтірді» деген айып тағылып отыр.

23 қыркүйекте Қарағанды соты 78 жастағы анасын аямай ұрған экс-әкімнің ұлын 3 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Сондай-ақ миллион теңге моральдық шығын өтейді.