Русский Сайттың толық нұсқасы

Жұмысшы мамандығын таңдайтындар неге азайды?

Токарь болу - ұят емес. Себебі, қазір жұмысшы мамандықты ар санайтындар көбейді. Жастар бұл саланы «оқымағандардың» жұмысы ретінде қарайды. Ал жылдан жылға жұмысшы мамандықтарына деген сұраныс артып келеді. Соның бір ғана дәлелі токарь мамандығын алып шыққан жастар бірден жұмысқа қабылданып жатыр. Еліміздегі ең үздік токармен тілшіміз тілдесіп келді. 

Нұртас Балмағанбет - 22 жаста. Қаладағы металлургия колледжін токарь мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазір Павлодар машина жасау зауытында жұмыс істейді. Жас жігіт бала кезден токарь мамандығын таңдапты. Өйткені, ол темірден түйін түйгенді жақсы көреді.

НҰРТАС БАЛМАҒАНБЕТ, ПАВЛОДАР МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫНЫҢ ТОКАРЬ МАМАНЫ:

Токарь - маңызды мамандықтардың бірі. Әсіресе, машина жасау және өндіріске аса қажет сала. Өйткені, кез келген техниканың түрлі бөліктерін осы токарлер жасап шығарады. Темірден түйін түю оңай шаруа емес. Бұған ептілік пен төзімділікті қажет. Өзіме мамандығым ұнайды.

Жас маманға жұмысқа орналасу қиын болмаған. Оқуды аяқтай салысымен Павлодар машина жасау зауыты жұмысқа шақырыпты. Өйткені, елімізде бұл мамандыққа деген сұраныс өте жоғары. Себебі, қазіргі жастар жұмысшы мамандықты ар санайды.

НҰРТАС БАЛМАҒАНБЕТ, ПАВЛОДАР МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫНЫҢ ТОКАРЬ МАМАНЫ:

Бұл мамандыққа келгелі менің жан жағыма деген реакцияМ күшейді. Өйткені, темірді жону кезінде өте мұқият болу керек. Себебі, темір қиындылылары ұшуы мүмкін. Содан қорғану үшін өте сақ тұрып, жұмыс істеймін. Мен үшін жұмыстың қиындығы жоқ. Бастысы ниет болса, адам кез келген дүниені үйреніп алады.

Павлодар машина жасау зауытында 50-ге жуық токарь жұмыс істейді. Оның басым көпшілігі жастар. Ал жас маманның жұмысқа деген ынтасы мен ерік жігерін әріптестері де оң бағалайды.

ЕРЛАН ОМАШЕВ, ПАВЛОДАР МАШИНА ҚҰРАСТЫРУ ЗАУЫТЫНЫҢ ЦЕХ БАСШЫСЫ:

Бізге қазір жас мамандар көптеп келіп жатыр. Біз бұған өте қуаныштымыз. Жақында біздің токарь Нұртас Балмағанбет жас мамандар арасындағы республикалық байқаудан жеңімпаз атанды. Бұл біздің жастарымыздың біліктілігін көрсетеді. Сондықтан бізден кейін де жаңа буын токарлердің өсіп келе жатқанына ризамыз.

Нұртас Балмағанбет бұл мамандықпен ғана шектеліп қалмақ емес. Ол инженер болуды армандайды. Қазір екінші мамандық алу үшін жоғары оқу орнында білім алып жатыр.