Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада 24 сала бойынша үздіктер анықталды

Қыркүйектің соңғы жексенбісі - еңбек күні. Осыған орай Астанада еңбек адамдарына құрмет көрсетілді. 24 сала бойынша үздіктер анықталып, алғыс хатпен марапатталды. Олардың арасында Базарбай Жұмаділов те бар. Ол 23 жылдан бері слесарь. Қазір балалары да өзімен бірге осы салада еңбек етуде. 

БАЗАРБАЙ ЖҰМАДІЛОВ, СЛЕСАРЬ:

Еңбегіміз әрдайым бағаланып, еңбек даңқы, алтын қол шебері, ветриан энергетик, құрметті энергетик бүкіл марапаттардың бәрің алып жатырмыз. Еңбегіміз ақталып жатыр. Өзімізде осы бала шағамызбен Астана-Теплотранзитте еңбек етіп жатырмыз.

Мерекеде өз ісін мінсіз орындап, саланың кәсіби маманы атанған қызметкерлер ұлықталды. Олардың еңбегі жастарға үлгі етілді. 

ЕРІК МЕЙІРХАНОВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек етіп, қоғамның дамуына күш салып жүрген барша азаматтарға алғысымды білдіремін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған болатын. Осы бастама жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын арттырып, елімізде еңбек адамының беделін көтеруге үлкен серпін беретініне сенімдімін.